Футбол • 31 Тамыз, 2023

Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол тарихы мен стастикасы федерациясының ресми сайты Криштиану Роналдудың ұлттық чемпионаттарда ең көп гол соққан футболшы атанғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Фото: ашық дереккөз

Сауд Арабияның «Әл Наср» клубында ойнайтын Роналду 29 тамыз күні «Әл Шабаба» қақпасына екі гол соғып, рекордқа тағы бір рет түзету енгізді. Аталған екі гол арқылы 38 жасар португалдық әйгілі футболшы чехословакиялық Йозеф Бицанды және венгриялық Ференц Пушкашты соңына қалдырды.

И.Бицан мен Ф.Пушкаш 515 голдан соқса, осы күндері Роналдуда 517 гол бар. Аталған үш ойыншы ұлттық чемпионаттарда 500-ден аса гол соққан бірегей футболшылар қатарында тұр.  496 гол соққан әлем чемпионы Лионель Месси төртінші сатыдан көрінді.

Ұлттық чемпионаттарда ең көп гол соққан рекордшы Криштиану Роналду осы күндері Сауд Арабияның футбол командасында ойнайды, ол Португалия, Англия, Испания, Италия чемпионаттарында доп тепкен.

Соңғы жаңалықтар

Нақты істің кезеңі

Үкімет • Кеше

Отан да, парыз да ортақ

Аймақтар • Кеше

Инфляция иірімі

Инфляция • Кеше

Шаруаның көңілі неге күпті?

Шаруашылық • Кеше