Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 120 млн доллар қайтарды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 120 млн доллар қайтарды

Фото: Ашық дереккөз

«Осы жылдың желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ доллары, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтарды. Бұл қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді», делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті. Олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді.

Айта кетейік, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыстар әлі де жалғасады.