Аймақтар • 18 Ақпан, 2024

Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева

3178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған. Оларды 5 жыл бойы қорқытып, ұлдың үлкенін фермада мал бағуға мәжбүрлеген. Арнайы комиссия тексеру барысында балалардың физикалық-әлеуметтік жағдайы жаға ұстатарлық екенін анықтады. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева

Фото: pixabay.соm

«Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтары жүргізген тексеру нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл бары анықталды. Патронаттық тәрбиеге алған отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы алған. Ол кезде балалар 14, 12 және 8 жаста болған. Ұлдың үлкенін қалаға 20 км қашықтықтағы өз фермасында еркінен тыс ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы мен 18 сиыр бар»,  деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Тексеру барысында ұлытаулықтың 3 бала үшін жәрдемақы алып келгені де анық болды. Комиссия барғанда балалардың ахуалы аянышты күйде болған. Динара Зәкиева олардың сол кездегі күйін денелерінде сау тамтық жоқ, көгерген, тыртыққа толы, жүдеу, шаршаңқы, аш, кір-қожалақ, киімдері жыртық еді деп жазды.

«Балалардың үлкені – қыз, колледжді тәмамдаған, алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде «оқиды». Құқық қорғау органы білім мекемесін тексерсе, ата-анасы тарапынан үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынып отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан», делінген оның жазбасында.

Бұл тексеруге Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ атсалысқан. Іс барысында қамқоршының жақында тағы да «патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма?» деп сұрастырғаны анықталды.аа

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қазір ІІМ, Прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдар бірлесіп бүкіл ел бойынша пилоттық режимде жұмыс істейтін мобильді топтар құрылғанын мәлімдеді.

пп