Фото: Egemen.kz
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел штаб құрылды. Штабты қала әкімі Ерболат Досаев басқарады. Алматыда афтершоктардың қайталану қаупі бар», деді ТЖД басшысы.
Нұрлан Атығаев тұрғындарды дүрлікпеуге шақырды.
Еске салайық, бүгін сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 5 балл сезілген.