Қоғам • 05 Шілде, 2024

Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды

Фото: инстаграм / @kair_n

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әншіге қатысты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі) фактілері бойынша әкімшілік істі қарады.

«ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. 434-баптың 2-бөлігінің санкциясы 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді», делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сот қаулысымен әнші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше әнші ұшақ бортында сөзге келіп қалып, жанжал кезінде басқа жолаушының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.