Аймақтар • 22 Шілде, 2024

Атырауда апатты үйлер тұрғындары жаңа баспана алды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда апатты үйлер тұрғындары жаңа баспана алды

Фото: Атырау облысы әкімідігі

Атырау қаласындағы Қожақаев 1 және Достық 12 мекенжайында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына (32 отбасыға) қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин баспана кілтін табыстады.

«1960 жылы салынған екі қабатты үйлер апатты деп танылды. Міне, сол меншік иелеріне қалалық бюджет қаржысына «Samal Town» кешенінен сатып алған пәтер кілтін бүгін бермекпіз. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады», деді М.Зинуллин.

Айта кетсек, жыл басталғалы бері 64 апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер берілген.