Фото: Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі кәсіпорын аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
«24 шілде күні кешкі уақытта автобус қаңқасы табылды. Кеше жаңбыр жауып, жел соққан еді, осыған байланысты құтқару жұмысы тоқтатылған еді. Бүгін таңғы сағат 5:00-де қазу жұмыстары жалғасты. Қазір біз көліктің алдыңғы жағына жеттік, бетінде бампер мен дөңгелегі көрініп тұр», делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан жер астына түсіп кеткен төртінші құтқарушы, 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.