Спорт • Бүгін, 09:35

«Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсетті»: Головкин Нұрбек Оралбайды жүлдесімен құттықтады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Нұрбек Оралбайды Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсетті»: Головкин Нұрбек Оралбайды жүлдесімен құттықтады

Фото:olympic.kz

«Ұлттық Олимпиада комитеті мен жеке өз атымнан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін барша Қазақстан азаматы Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз. Сонымен қатар Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтаймын! Ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені анық. Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық мансаптарыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!», деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.