Спорт • 14 Тамыз, 2024

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өтіп, бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды

Фото: olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

«Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.