Энергетика • 03 Қыркүйек, 2024

2028 жылы Қарашығанақта газ өңдеу зауыты іске қосылады

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр экономиканың нақты секторын дамыту бойынша өзекті мәселелердің орындалу барысын баяндады, деп жазады Egemen.kz.

2028 жылы Қарашығанақта газ өңдеу зауыты іске қосылады

Фото: Pixabay.com

Роман Склярдың мәлімдеуінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 60 пайызы газбен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтылмақ. Межені орындау үшін 1 мың 700 шақырымнан астам газ желілерін жаңғыртуға 194 млрд теңге бөлінген. 

- «Бейнеу – Бозой – Шымкент 2», «Ақтөбе – Қостанай» және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырларын салуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Р.Скляр.

Сонымен қатар Қашағанда қуаты 1 және 2 жарым млрд текше метр болатын 2 зауыт салынып жатыр. Зауыттар 2026 және 2030 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

«Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өндіру зауытын 2028 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде әлеуетті мердігер анықталды. Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты бойынша ПСД әзірлеу басталды, дала жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.