Референдум 2024
1 мин оқу 172

АЭС құрылысы: Сеулдегі отандасымыз бірінші болып дауыс берді

<p style="text-align: justify;">Корея мен Жапония елдерінде дауыс беру учаскелері жұмысын бастап кетті. Алғашқы болып Сеулдегі Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

АЭС құрылысы: Сеулдегі отандасымыз бірінші болып дауыс берді

Шетелдегі барлық дауыс беру учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Сеулде №390 және Токиода №393 дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды.

Осылайша, Қазақстан азаматы Камила Маутова алғашқылардың бірі болып Корея Республикасында таңдауын жасады.

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум - қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды», деді К.Маутова.

Е

Бөлісу: