Спорт
1 мин оқу 240

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншіледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Нұрқожа Қайпанов 70 келіде біріншіліктің финалдық бәсекесінде жапон балуанынан басым түсті. 

Отандасымыз финалға дейінгі белдесулерінде, 1/16 финалда  Митчелл Луис Файнсильверді 9:0 есебімен жеңсе, 1/8 сынында Николай Грахмезді 14:2 ұпайымен тізе бүктірді.

1/4 финалда  Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен қапы қалдырса, финал жолдамасы берілетін жартылай сында Абділмажид Кудиевтен 13:2 нәтижесімен айласын асыра алды. 

26 жастағы жерлесіміз 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының финалында бақ сынап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, жерлестеріміз үшін әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 3 бірдей балуанымыз әлем біріншілігінің финалында белдесіп,  2 алтын, 1 күміс еншіледі. 

Бөлісу:
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар