Фото: South Korea Presidential Office
Соттың оны тұтқындау туралы ордерін орындауға 200-ге жуық полиция қызметкері мен 40 тергеуші қатысқан. Олар резиденцияда президент күзетшілерінің қарсылығына тап болған. 2,5 сағаттық келіспеушіліктен кейін ғана полицейлер Юн Сок Ёлді тұтқындау операциясын орындай алды.
Юн Сок Ёл 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай енгізген әрекетіне байланысты сынға ұшырап отыр.
Ал Yonhap агенттігі президент Юн Сок Ёл көтеріліске жетекшілік етті деген айыппен қамауға алынғанын хабарлаған.