Қоғам
1 мин оқу 73

Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы да беріледі

<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму министрлігі паспорт пен жеке куәліктерді терминал арқылы беруге арналған пилоттық жоба әзірледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы да беріледі

Бұл қызмет биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы жүзеге асырылады. 

Пилоттық жоба Республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында басталады.

«Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады», делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында. 

Бөлісу:
Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы да беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар