
Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларында «алтын» саны тең болғанмен, ел құрамасы «күміс» саны бойынша алға шықты. Оңтүстіктегі көршілеріміз 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен екінші тұғырдан табылса, жарыс қожайындары Болгария құрамасы 2 алтын, 3 қоламен үздік үштікті түйіндеді.
Әлемнің 20 мемлекетінің былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсекеде жүлдеге қол жеткізген Қазақстан ерлер құрамасы:
Алтын медаль:
63,5 келі - Ертуған Зейнуллинов
67 келі - Төрехан Сабырхан
71 келі - Аблайхан Жүсіпов
75 келі - Сабыржан Аққалықов
86 келі - Бекзад Нұрдәулетов
Күміс медаль:
51 келі - Даниал Сәбит
54 келі - Тимур Қабдешов
60 келі - Серік Теміржанов
63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі - Фарух Тоқтасынов
75 келі - Тимур Нұрсейітов
80 келі - Ерасыл Жақпеков
86 келі - Нұрбек Оралбай
+92 келі - Айбек Оралбай
Қола медаль:
48 келі - Теміртас Жүсіпов
57 келі - Оразбек Асылқұлов
60 келі - Талғат Сырымбетов
92 келі - Данияр Рахымбердинов
Сайыс соңында құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанға «Үздік команда» кубогі табысталды.