Ауа райы • 06 Наурыз, 2025

Алты аймақта жол жабылады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің 6 өңірінде республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алты аймақта жол жабылады

Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін жол жабық. Қызылорда шекарасынан Ақтөбеге дейін, одан әрі Қандыағаш, Шалқар, Ресей шекарасына дейінгі аралықта да көлік жүруге тыйым бар. Жезқазған мен Қарағандының арасында да бұрқасын соғып, шектеу қойылған.

«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 558 арнайы техника мен 1 220 маман жұмылдырылды», деп хабарлайды ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы.