Білім • 13 Наурыз, 2025

Дарынды жастарды қолдауға арналған платформа іске қосылады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 сәуірден бастап Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдау мақсатында SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосады, деп жазады Egemen.kz.

Дарынды жастарды қолдауға арналған платформа іске қосылады

Фото: Ашық дереккөзден

Цифрлық жоба республикалық және халықаралық сайыстарға оқушыларды дайындаудың маңызды құралына айналып, онлайн-білім алу мен тәжірибелі тренерлермен кеңесу мүмкіндігін ұсынып, оқушыларға білімін жетілдіруге және интеллектуалдық байқауларға дайындығын шыңдауға көмектеседі.

SMART Daryn-ды іске қосудың бірінші кезеңінде прокторинг жүйесін қолданып онлайн-олимпиадалар мен конкурстар өткізу жоспарланған. Министрлік алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылатын мәлімдеді.

«Платформа дарынды оқушылардың дамуына және педагогтердің біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етеді. Біз SMART Daryn жобасы дарынды оқушылар үшін сапалы білім алуды айтарлықтай жеңілдетіп, білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасында тиімді өзара әрекеттестік орнататынына сенімдіміз», дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Сонымен қатар платформада дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін емтихандар өткізіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам мамандандырылған мектеп бар. Сондай-ақ SMART Daryn педагогтер үшін әдістемелік материалдар мен кеңестерден тұратын онлайн-кітапхана ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше