Әлем
1 мин оқу 380

Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">Бұл шараға құқық қорғау органдарының деректері мен алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың шағымдары негіз болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік мессенджерлер Telegram және WhatsApp ресейлік азаматтарды алдап-арбау, ақша бопсалау, диверсиялық және террористік әрекеттерге тарту мақсатында ең көп пайдаланылатын дауыс беру сервистері болып отыр. Алайда мессенджер иелері тарапынан қарсы шаралар қабылдау туралы талаптар ескерусіз қалған.

— Құқық қорғау органдарының материалдарына сәйкес, қылмыскерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін осы шетелдік мессенджерлерде қоңырауларды ішінара шектеу шаралары қабылданады. Олардың басқа функцияларына ешқандай шектеу енгізілмейді. Қылмыскерлердің қоңырауларына қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуде, — делінген ведомство хабарламасында.

Mediascope деректері бойынша, Ресейде WhatsApp ай сайынғы аудиториясы 97,5 миллион адамға жетеді, бұл — халықтың 79%-ы.

Бөлісу: