Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді
<p style="text-align: justify;" data-start="76" data-end="244">Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында 3–9 қыркүйек аралығында өткен III Түркі универсиадасында қазақстандық студенттер 23 медаль жеңіп алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы додаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан студент-спортшылары қатысты. Универсиада бағдарламасына волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі секілді 7 спорт түрі енді.
Барлығы 5 елден 450 делегат қатысқан жарыста Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан жиналған 66 спортшы таныстырды. Олар барлық спорт түрінен сынға түсті.
Қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола медаль иеленіп, жалпы саны 23 жүлде қоржынға салды.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.