Елімізде сәби өлімі 20,2%-ға төмендеді
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында берілген тапсырмалар аясында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бұл бағыттағы жұмыстар медициналық қызмет сапасын арттыруға, инфрақұрылымды күшейтуге, мамандардың әлеуетін көтеруге және цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Жүргізіліп жатқан шаралар нақты нәтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, биылғы жылдың 1 қазанына дейін халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Жалпы өлім-жітім деңгейі 2,7%-ға төмендесе, сәби өлімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға азайған.