Қаржы
1 мин оқу 760
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті
<p><strong>Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», делінген ҰБ хабарламасында.
2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
- 23 қаңтар
- 6 наурыз
- 24 сәуір
- 5 маусым
- 24 шілде
- 4 қыркүйек
- 23 қазан
- 4 желтоқсан
Бұған дейін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 % деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын жазған едік.
Бөлісу: