Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025

Шымкент қандастар үшін жаңа өзгеріс жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен біріктіріліп, қайта құрылды. Бұл өзгерістер елге көшіп келген қандастарды Қазақстан қоғамына бейімдеу үшін жасалынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент қандастар үшін жаңа өзгеріс жасады

Қайта құрылған орталық №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы деп аталды. 

Биыл жыл басынан бері Шымкент қаласында 464 отбасы немесе 1045 адам қандас мәртебесін алған. 30 адам мәртебесін алты айға ұзартқан. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі Өзбекстан республикасынан келген азаматтар – 1029 адам. Сондай-ақ Қытай мен Ресейден – 7 адам, Қырғызстан мен Шри Ланкадан – 1 адам көшіп келген. Мәртебе алған азаматтардың көбісі құрылыс, сауда-саттық салаларында еңбек етеді.

Қандастарды жұмыспен қамту бастамалары нәтижелі болып отырған ұқсайды. Себебі Еңбек мобильділігі орталығына бүгінгі күнге дейін 30 адам жүгініп, оның 22-сі жұмыспен қамтудың белсенді шарасына жұмылдырылыпты.

Шымкент