Оқиға • Кеше

Оралда көпбақатты үйде жарылыс болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы көпқабатты үйде қуатты жарылыс болды. Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Оралда көпбақатты үйде жарылыс болды

Басылымның жазуынша, төтенше жағдай 12 желтоқсан күні күндіз Циолковский көшесіндегі 1-үйде болған. Өрт көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден басталған. Куәгерлер оқиға сәтін видеоға түсіріп алған.

Видеодан өрт сөндірушілер іштегі тұрғындарды саты арқылы балконнан құтқару кезінде жарылыс болып, балконның опырылып түскенін байқауға болады.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 112 пультіне үшінші қабаттағы пәтердің балкон терезесінен қою түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жиһаз бен жеке заттардың жануын анықтаған.

Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасы жарылған. Қауіпті жағдайға қарамастан, құтқарушылар тұрғындарды дер кезінде эвакуациялап үлгерген, соның арқасында ауыр зардап болмаған. 

Көршілердің айтуынша, өртенген пәтерде ешкім тұрмаған. Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақта сөндірілген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері мен алты техника қатысқан.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07