Төтенше жағдай • Кеше

Алматыда жер сілкінісі сезілді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02:16-да орын алған. Сейсмикалық оқиға Қытай аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің сипаттамасы:

  • Магнитудасы: 5,0.
  • Алматыдағы сезілу деңгейі: 2 балл.
  • Эпицентрі: Қытай аумағы, Как-Шаал-Тоо жотасы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр аймағында жерасты дүмпулерінің қарқындылығы 3,5 балды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанда Алматыда жер  сілкінді.

Соңғы жаңалықтар