Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді

«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады.

Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

рр

Еске салайық, Қарулы күштердің әскери авиациялық базаларында қазақтың ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті.

Қазір Ұлттық ұлан қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Соңғы жаңалықтар