Оның айтуынша, қазір Алматыда шамамен 2,3 млн адам тұрады. Соның 1,9 миллионы немесе 82 пайызы сақтандырылған мәртебеге ие. Ал шамамен 444 мың қала тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.
Сақтандырылмағандар қатарында D және E санаттарына жататын, яғни әл-ауқатының дағдарыстық және шұғыл деңгейіндегі азаматтар бар. Бұл – табысы төмен немесе мүлде жоқ, өмірлік қиын жағдайға тап болған шамамен 95 мың адам.
Болжамды деректерге сәйкес, 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен осы санаттағы медициналық көмекті белсенді пайдаланатын 34 мың адам үшін МӘМС жарналары төленеді. Сонымен қатар ресми тіркелген 28 мың жұмыссыз азамат үшін де сақтандыру жарналары қарастырылады.
1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі
Мұхамеджан Ильястың мәліметінше, аталған санаттар бойынша 2026 жылы жарналарды төлеуге жұмсалатын жалпы шығын 6,9 млрд теңгеден асады. Бір адамға арналған ай сайынғы жарна мөлшері 9 189 теңге болып белгіленген. Бұл ретте сақтандырылған мәртебе автоматты түрде беріледі, ал жарналар медициналық көмекке нақты жүгінген кезде төленеді.
2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады
2026 жылғы қаңтардан бастап осы санаттағы азаматтар МӘМС жүйесінде медициналық қызмет алуға құқығы бар екенін растайтын SMS-хабарламалар ала бастайды.