Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Алдын ала мәлімет бойынша улану пеш мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай келмеуінен болған.
Қазір зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты, барлығы дәрігерлердің бақылауында. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды газ жабдықтарын уақытылы тексеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мамандар қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыруды, түтін шығару мұржаларының дұрыс орнатылуы мен техникалық жарамдылығын қадағалауды, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету жөнінде тиісті келісімшарттар жасасу қажеттігін ескертті.
Құтқарушылар газдың түссіз әрі иіссіз болатынын, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін атап өтті. Тұрғындардан қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырылды.
Айта кетейік, Атырау маңындағы Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды.