Білім • 13 Қаңтар, 2026

Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының Жаңақоныс-2 тұрғын үй алабында 600 оқушыға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тығыз қоныстанған аумақ тұрғындары көптен күткен білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Мектепалды даярлық топтарынан бастап, жоғары сыныптарға дейінгі сыныптарға лайықталған оқу кабинеттерімен жасақталған білім ордасында 662 оқушы үшінші тоқсан сабақтарын бастап кетті. Олар үшін 48 оқу кабинеті ашылды.

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда қосымша білім алуы мен бейімдік бағыттарын таңдауына, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Физика, химия, биология пәндерінің зертханалары, ер балалар мен қыздар үшін еңбекке баулу кабинеттері, бірнеше спорт түріне лайықталған спорт залы, еңселі кітапханасы, мәдени шаралар мен кездесулер өткізуге лайықталған акт залы, кең де жарық асханасы бар.

3

Білім беру үдерісіне кәсіби біліктіліктері жоғары мұғалімдер тартылып, жұмысқа қабылданған ұстаздардың басым көпшілігі «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы» және «педагог-модератор» біліктілік санаттарына ие.

Оралда «Келешек мектебі» ашылды

Сондай-ақ балаларды әлеуметтендіру жұмыстарына да басымдық беріліп, оқу дағдыларын меңгеру мен олардың жасына сай дамуын қадағалап отыру үшін психолог, әлеуметтік педагог, логопед және дефектолог мамандар да қабылданды. Еңселі білім ордасының  ішкі жабдықталуы, ыңғайлы парталар мен көрнекілік оқу құралдары, заманауи цифрлық оқу техникалары оқушылардың оқып-үйренуге деген зейінін ашуға мүмкіндік береді.

«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30