Спорт • 13 Қаңтар, 2026

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық «Ертіс» футбол командасын жаңа маусымда беларусь маманы Кирилл Альшевский жаттықтыратын болды. Ол «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» (Минск) сияқты клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында қызмет еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Кирилл Альшевский «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы футбол клубынан хабарлады.

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

− Кирилл Альшевский әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» (Минск) сияқты клубтарда, Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді. Оның басшылығымен борисовтік «БАТЭ» ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь Кубогының иегері ретінде маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Беларусь футболының флагманы мәртебесін растады, − деп мәлімдеді павлодарлық клубтан.

Маманның соңғы жұмыс орны − мәскеулік «Велес».

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Павлодар облысы

 
 
Соңғы жаңалықтар