Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Рудный қаласында 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Бейімбет Майлин ауданында ауа температурасы -30-дан -33 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектеп толықтай қашықтан оқытуға көшірілді.
Жітіқара ауданында ауа температурасы -26,1 градус, желдің жылдамдығы секундына 5 метр болғандықтан, мектепалды даярлық сыныптарының, сондай-ақ бірінші ауысымдағы 1-7-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.
Қарабалық ауданында ауа температурасы -29 градус, желдің жылдамдығы секундына 12 метр болған жағдайда мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Лисаковск қаласында ауа температурасы -27 градус, желдің жылдамдығы секундына 5 метр болғандықтан бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Алтынсарин ауданында ауа температурасы -27 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада да сәрсенбі, 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары онлайн форматта оқитыны хабарланған болатын.
«Қазгидромет» РМК 14 қаңтарға Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер боран, қар жаууы және көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді.