Ауа райы
2 мин оқу 80
Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
<p><strong>Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Сібір антициклонының әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында қатты аяз сақталады. Ал батыс пен оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклонның белсенділігі артып, соның салдарынан боран соғып, көктайғақ пен күшті жел тұрады. 17-18 қаңтар күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде қалың қар жаууы ықтимал.
Мегаполистердегі жағдай:
- Астана: 17-18 қаңтар күндері қалада жауын-шашын болмайды, бірақ түнде термометр бағаны -30...-32°С-қа дейін төмендейді. Жексенбі, 19 қаңтарда қар жауып, екпіні 20 м/с-қа жететін күшті жел мен боран басталады.
- Алматы: Демалыстың алғашқы күндері қала тұрғындарын қалың қар, тұман мен көктайғақ күтіп тұр. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -11...-15°С шамасында болады. Жексенбіде күн ашылып, күндіз -5...-7°С-қа дейін көтеріледі.
- Шымкент: 17 қаңтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жексенбіге қарай жауын тоқтағанымен, түнде аяз -10°С-қа дейін күш алуы мүмкін.
Бөлісу: