Аталған орталық қала әкімдігінің, АҚШ Елшілігі мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ жергілікті серіктес ұйымдардың қолдауымен есік ашып отыр. Жоба қала тұрғындарының білім алу, шығармашылықпен айналысу және заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық мәдени және білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді
Салтанатты рәсімге Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін, «Chevron International Petroleum Company» компаниясының Вице-президенті Дилан Морган, АҚШ Бас консулының баспасөз, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісі Хира Каур Камбодж, сонымен қатар білім беру және мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев өз құттықтау сөзінде орталықтың маңызын атап өтті:
«Кітапхана – үлкен мәдени орта. Қазақта «Кез келген елдің болашағын білу үшін оның жастарына қара» деген дана сөз бар. Жастардың білім алып, шығармашылық және зияткерлік тұрғыдан дамуына жол ашатын осындай заманауи орталықтың кітапханада ашылуы мәдениет саласын дамытудың маңызды бағыты саналады. Бұл бастама екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, өзара түсіністік пен серіктестікті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» деді Данияр Әлиев.
«American Space & Makerspace» орталығы – білім мен шығармашылықты, инновация мен тәжірибені ұштастырған заманауи көпфункционалды алаң. Мұнда АҚШ университеттерінде білім алуға қызығушылық танытқан жастарға кеңес беру, ағылшын тілі курстары мен сөйлеу клубтары, кәсіби және цифрлық дағдыны дамытуға арналған воркшоптар, сондай-ақ кәсіпкерлік, көшбасшылық және азаматтық белсенділік бағытындағы бағдарламалар іске асырылады.
Іс-шара аясында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың маңызына тоқталды:
«American Space & Makerspace – адамдарды біріктіретін, білім мен инновация арқылы болашаққа жол ашатын сенім мен серіктестік алаңы. Біз бұл кеңістіктің жергілікті қауымдастықтың нақты қажеттілігіне жауап беріп, жастар үшін ашық әрі қолжетімді болып қалуын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық серіктестерімізбен бірлесе жұмыс істеуді маңызды деп санаймыз», деді Мишель Еркін.
2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады
Сонымен қатар орталықта 3D-басып шығару, дизайн, робототехника, бағдарламалау, ғылыми тәжірибелер мен қолданбалы шығармашылыққа арналған заманауи құралдармен жабдықталған Makerspace аймағы және америкалық әдебиет бұрышы қарастырылған.
Жаңа орталықтың ашылуына кітапхана оқырмандары, әсіресе жастар жоғары баға берді. Болашақта АҚШ-та білім алуды мақсат еткен Аружан Маханбетқалиева әсерін бөлісті:
«Мен үшін бұл жоба – үлкен мүмкіндік. Мұнда АҚШ университеттеріне түсуге қажетті ақпарат алып, ағылшын тілімді жетілдіріп, өзімді кәсіби әрі шығармашылық тұрғыдан дамытуға болады. Осындай кеңістіктің ашылғаны көптеген студенттің арманын жүзеге асыруға жол ашады деп ойлаймын», деді Жамбыл кітапханасының тұрақты оқырманы Аружан Маханбетқалиева.
Аталған жоба қалалық кітапханалардың уақыт талабына сай жаңғырып, кітап оқу орындары ғана емес, сонымен қатар білім, мәдениет, инновация және халықаралық диалогты дамытатын заманауи қоғамдық кеңістіктерге айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Сарандық отбасы қалалық Мәдениет үйін бейнелейтін тоқаш пісірді