Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
<p style="text-align: left;"><strong>Өскемен қаласында су мен кәріз қызметінің бағасы қымбаттады. «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

− Былтыр пәтерінде есептегіш құралдары бар тұрғындар үшін су құны (ҚҚС-ты қоса есептегенде) бір текше метріне 98,62 теңге, ал кәріз қызметі үшін 113,28 теңге болды. Енді есептегіштері бар тұтынушылар үшін төлем мөлшері артты. Нақты айтқанда, су үшін − бір текше метріне 102,14 теңге, кәріз қызметі үшін − бір текше метріне 117,32 теңге, − делінген ақпаратта.
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Ал есептегіш құралдары жоқ тұрғындар бұрын бір адамға ай сайын су үшін 749,89 теңге, кәріз үшін 1 223,15 теңге төлеген.
− Енді есептегіштері жоқ азаматтар бір адамға ай сайын су үшін 776,67 теңге, кәріз қызметі үшін 1 266,84 теңге төлейді, − делінген хабарламада.