200-ден астам ұсыныс: Құрылтайдың секциялық отырыстарында не талқыланды?
<p><strong>Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысының алғашқы күнінде құрылтай мүшелері тарапынан 200-ден астам ұсыныс айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>
Екі күндік форумның алғашқы бөлімі төрт панельдік секция форматында өтті. Қатысушылар әлеуметтік-мәдени дамудан бастап, ғылым мен білім саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Ерлан Кариннің айтуынша, бұл секцияларда құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеген.
Әлихан Байменов: Ұлттық құрылтай – Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа құбылыс
«Талқылау барысында 200-ден астам ұсыныс айтылды. Бұл бастамалардың барлығы жинақталды. Олардың кейбірін бүгін құрылтай мүшелері өз баяндамаларында егжей-тегжейлі таныстырады», деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, бүгін жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды