Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бұдан бөлек, академиялық жобаларда қолданылатын зерттеу институттары мен университеттер жанындағы есептеу кластерлері де жұмыс істейді. Алайда олардың қуаты алғашқы екі компьютермен салыстырғанда аз.
Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді
Сарапшылардың айтуынша,суперкомпьютер секундына миллиардтаған, тіпті триллиондаған операцияларды орындай алады. Зор көлемді деректерді талдайды. Суперкомпьютер – күрделі модельдеуге, ғылыми зерттеулерге, ауа райын болжауға, ЖИ және машиналық оқыту секілді көптеген міндеттерді орындауға арналған аса қуатты есептеу құрылғысы.
Құрылғылар әмбебап болғанымен, әрқайсына жүктелген міндет бар. Мысалы, Alem.Cloud мемлекеттік органдарға, ғылыми зерттеулерге және ұлттық стратегиялық жобаларға басымдық берсе, Al-Farabium квазимемлекеттік, коммерциялық және экспортқа арналған жобаларды қолдауға бағытталған екен.
Суперкомпьютерлердің арқасында маңызды деректер ел ішінде сақталып, елдің цифрлық тәуелсіздігі нығаяды.