Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, зерделі де тәрбиелі оқушы бастауыш сыныптардан бастап тиянақтылығымен, ұқыптылығымен көзге түсіп, осыған дейін түрлі зияткерлік байқаулар мен олимпиадаларға белсенді қатысқан. Ол күзде ағылшын тілі бойынша мектеп оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орындар иеленіп, математика пәні бойынша олимпиадада да үздік нәтижелер көрсетті. Бос уақытында қазақ қаламгерлерінің классикалық туындыларын оқуды ұнатады.
«Әдеби шығарма қарым-қатынас мәдениетін үйретеді, қоршаған ортаны, адамдарды түсінуге көмектеседі. Кітап өмірдегі арман-мақсатыңа жетудің кілтін ашады, болашақ мамандығыңды таңдауға жәрдемдеседі. Оқып болған соң шығармадағы кейіпкердің әрекетіне қарап, қандай шешім қабылдаудың дұрыстығы туралы ойланасың», дейді озат оқушы.
Бос уақытында ҰБТ-ның негізгі пәндеріне дайындық сабақтарына қоса, өз мектебінегі «тарих мектебі» факультативіне қатысып, білімін пысықтап жүрген Айсәуленің алғырлығына ұстаздары да риза. Білгенін сыныптастарына үйретуден жалықпайды.
«Кішкентайынан тәлім-тәрбие берген оқушың мектептің берген білімін жарқыратып көрсетіп жатса, бұл пән мұғалімдері үшін үлкен абырой», дейді қатардағы қазақ мектебінің мұғалімдері.
Ақтөбе облысы