Қостанайда үшем дүниеге келді
<p><strong>Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сүйінші хабарды жеткізген дәрігерлердің айтуынша, бұл – өңірде соңғы 3 жыл ішінде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>
Үшемдердің үшеуі де – қыз бала. Ал нәрестелердің анасы – 31 жаста. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасы үш ұл тәрбиелеп отырған. Енді, міне өсіп келе жатқан үш ұлдан кейін үш қыз бала өмірге келіп, шаңырақтары шаттыққа кенеліп жатыр.
Жаңа туған нәрестелердің салмағы – 2300 – 2600 грамм болады. Бойлары – 49 см. Облыстық аурухана дәрігерлері үшемнің анасының денсаулығы жақсы, балалардың жағдайы қанағаттанарлық дейді.
Бұған дейін Ақтөбе, Қызылорда облыстарында үшем дүниеге келгенін хабарлағанбыз.
Қостанай облысы