Қоғам • Кеше

Әділет министрінің солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беруді ұсынғаны рас па?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрінің солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беруді ұсынғаны рас па?

Әділет министрлігі желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Ведомство өкілдері жалған ақпарат таратудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. 

«Барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар