Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді
<p data-path-to-node="6"><b data-path-to-node="6" data-index-in-node="0">Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі туристік аймағын дамыту жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</b></p>

«Кендірлі ауылының бас жоспары 2023 жылы бекітіліп, 2024 жылдан бастап егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, бүгінгі күні бас жоспарға тиісті түзетулер енгізіліп жатыр. Жоспарлау аумағы 3 500 гектардан 10 500 гектарға дейін кеңейтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар Кендірлі курорттық аймағының мастер-жоспары да басталып кетті. Ол жұмыстар осы жылдың ІІ-тоқсанында аяқталады деп күтіледі», дейді қала әкімі.
Қала әкімі Ж.Қайнарбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, Кендірлі курорттық аймағында әуежай құрылысы қолға алынған. Әуежайдың ұшу-қону жолағы 2200 метрді құрайды, терминалдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға есептелген.
Кендірлі мен Қатонқарағайға ұшақ қонады: 2026 жылы әуе қатынасы қалай өзгереді?
Құрылыс жұмыстары белсендіжүргізіліп, инженерлік желілер тартылып, әуе қатынастары бойынша ішкі және сыртқы рейстер бойынша келісімдер жүргізіліп жатыр.