Футбол • 02 Ақпан, 2026

«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына грант табыстады, деп жазады Egemen.kz

«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды

Атап айтқанда алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор гранты салтанатты түрде табысталды. Арнайы кездесуде грант иегерлеріне сертификаттар тапсырылып, жас спортшылардың болашағына зор сенім артылды. Академия басшылығы бұл бастаманың жастарды қолдау бағытындағы мемлекеттік саясатпен үндес екенін атап өтті. Академия өкілдері спортта да, білімде де үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге әрдайым қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

о

Жоғары оқу орнының басшысы Қайрат Закирьянов спортта жоғары жетістікке жеткен жас спортшыларды тұрақты түрде қолдайтынын айтты. Бұған дейін дәл осындай ректор гранты «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға табысталған болатын.

ФИФА: Футбол клубтары трансферге 13 млрд доллардан астам қаражат жұмсады

Соңғы жаңалықтар