Астанада түстен кейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тұман түседі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының батысы мен орталығында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз 7-12°, батысы мен солтүстігінде 15-20° аяз болады. Оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, тұман және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с болмақ.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Алматы қаласында тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақытта тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысында 5-6 ақпанда облыстың солтүстігі, орталығы және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алакөл маңында жел шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында қар жауады, оңтүстігі мен шығысында кейде жауын-шашын (қар, жаңбыр) көп мөлшерде түсуі мүмкін. Бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында күндіз облыстың орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Батысы мен орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігі мен орталығында тұман болады. Екпіні 15-20 м/с-ке дейінгі жел оңтүстік-батыстан соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі және орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ сақталады. Күндіз де қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігі және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, тау асуларында екпіні 23-28 м/с-ке дейін болуы мүмкін.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Сондай-ақ бүгін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мұндай кезде ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздерге жақын жерлерде жүруге болмайды. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендемегені жөн.
Өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі тиіс.
Ашық ауада физикалық жүктемені шектеп, спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.