Президент
1 мин оқу 50

Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады

<p><b>Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі&nbsp;&ndash; Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады,&nbsp;</b><b>деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</b></p>

Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

Бөлісу: