Саясат • Бүгін, 10:49

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания, Германия және Франция билігі Иран Таяу Шығыстағы одақтастарына бағытталған «таңдамай жасалатын және шамадан тыс» шабуылдарын тоқтатпаса, әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді. Үш елдің бірлескен мәлімдемесін Германия үкіметінің баспасөз қызметі таратты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

Мәлімдемеде Иранның соққылары аталған мемлекеттердің әскери қызметкерлері мен азаматтарының қауіпсіздігіне қатер төндіретіні айтылған. Осыған байланысты Тегеранды атысты дереу доғаруға шақырды.

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

«Біз өңірдегі өз мүдделерімізді және одақтастарымыздың мүдделерін қорғау үшін нақты қадамдар жасаймыз. Қажет болған жағдайда Иранның зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру мүмкіндігін жоюға бағытталған қажетті әрі өлшемді қорғаныс шаралары қабылданады», делінген Ұлыбритания, Германия және Франция үкіметтерінің бірлескен мәлімдемесінде.

Сондай-ақ үш ел әрекеттерін АҚШ және өзге де одақтастармен үйлестіріп отыруға келіскен.

Иранда Әли Хаменеинің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

Иранның зымыран соққылары тек Израильге ғана емес, аймақта АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан өзге елдерге де бағытталғаны хабарланды. Олардың қатарында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Қатар және Иордания бар. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдар әскери базалармен қатар азаматтық инфрақұрылымға да әсер еткен.

Соңғы жаңалықтар