Фото: Александр Жабчук
Президент бұл шаруа коммуналдық, энергетикалық және су саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.
Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет
«Мысалы, былтыр 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да – рекордтық көрсеткіш. Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері төселіп, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр. Сондай-ақ вокзалдар қайта жөндеуден өтуде. Себебі олар орташа есеппен алғанда 60 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Тіпті, еліміздегі он вокзал осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Жалпы, біз былтыр Қазақстандағы 124 вокзалды түгел жаңғырта бастадық. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады. Мұндай ауқымды бастама алғаш рет қолға алынды. Алдыңғы жылы көптен күткен Астана – Алматы күре жолын жөндеу жұмыстары толық бітті. Мен бұған дейін Астананы еліміздің батыс аймақтарымен байланыстыратын мүлде жаңа автокөлік жолын салуды тапсырдым. Қазір бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатыр», деді Мемлекет басшысы.
Президент кең жолақты жолдармен қатар жергілікті жолдар да назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
«Себебі миллиондаған азаматымыз, соның ішінде ауылдағы ағайын үшін автокөлік жолы, шын мәнінде, «өмір жолы» саналады. Сапалы жол болса, жұрт тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бизнесін дамыта алады. Былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, оның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тасжол жөндеуден өтті. Биыл тағы 2300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде осындай 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделеді. Бұл – Қазақстанның құрлық шекарасынан үш есе көп қашықтық. Алайда Үкімет және тиісті мемлекеттік мекемелер жол инфрақұрылымының сапасына ерекше мән беруге тиіс», деді Президент.
Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады