ІІМ ресми өкілі: Референдум барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
<p>ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, қалалардағы көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай тұрақты бақыланады. Бұл бақылау Жедел басқару орталықтарының бейнекамералары арқылы да жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Азаматтардан немесе сайлау комиссияларынан түскен кез келген өтініш бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Полиция – дауыс беру толық аяқталғанға дейін қызметін жалғастырады. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету», деді спикер «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
Бас прокуратура: Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр
Еске салайық, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті.