Қоғам • Бүгін, 15:45

Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Щучинсктегі «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Көкшетау қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханада қазір үш науқас ем қабылдап жатыр. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда, ал тағы біреуі травматология бөлімінде комбустиолог дәрігерлердің бақылауында. Бұған дейін зардап шеккендердің бірі үйіне шығарылған.

Алғашқы күндері бес адам санитарлық авиация арқылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына, яғни Астана қаласына жеткізілген.

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі

Еске салсақ, қайғылы оқиға 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған. Көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан нысанда газ жарылып, артынша өрт шыққан.

Қайғылы жағдай салдарынан оқиға болған күні жеті адам қаза тапты – олардың алтауы дәмхана қызметкерлері, сондай-ақ қызметкерлердің бірінің 16 жастағы қызы болған. Кейін жарақат алғандардың арасынан 3 наурызда екі адам, 9 наурызда тағы екі науқас көз жұмды. Осылайша, құрбандар саны 11 адамға жетті.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, дәмхана иесін ұстады. Сот шешімімен ол екі айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар