Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
<p><strong>Ұлттық статистика бюросы наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке жүзігінің бағасы 45%-ға қымбаттағанын мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Өңірлер бойынша алтын неке жүзігінің ең төменгі жылдық қымбаттауы Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%. Бұл көрсеткіш Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9% болған. Жас жұбайларға арналған жүзіктердің қымбаттауы Ұлытау облысында да тіркелген. Өңірде аталған бұйым бағасы бір жылда – 71%-ға өскен.
Өткен жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген: Астана көш бастап тұр
Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі – 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.