Энергетика • Бүгін, 11:03

Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» пен Turkish Petroleum Corporation Қазақстандағы кен орындарында геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан мен Түркия үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 14-отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек

Үкімет басшысының айтуынша, энергетикалық әріптестік екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты әрі өңірлік тұрақтылықтың негізі. Жиында Баку – Тбилиси – Джейхан құбыры қазақстандық мұнайды тасымалдаудағы маңызды инфрақұрылымның бір бөлігі ретінде аталды.

Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды

Сонымен қатар түрік компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласында ірі жобаларды табысты жүзеге асырып жатқаны атап өтілді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және денсаулық сақтау салаларына қатысты 67 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Геологиялық әлеуетті күшейту – басым бағыт

Бүгінде Түркия Қазақстанмен сауда-саттық жүргізетін ең ірі бес елдің құрамына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс көлемі 9 пайызға өскен. Алдағы уақытта тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар