Оқиға • Бүгін, 11:00

Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 9-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті

Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

«Екі науқастың жағдайы ауыр. Бір зардап шегушіні «Қазцинк» өкілдері ауруханаға жеткізді. Тағы бір адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.

Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

Өрт оқшауланғанымен, құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар