Оқиға
1 мин оқу 60
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
<p>Түркістан облысының Аден ата ауылында балабақшалардың бірінде өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде бір қабатты ғимараттың шатыры қатты жанып жатқан. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, арнайы қызметтердің күшімен жалын толықтай ауыздықталды.
Өрт кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған. Жалын шамамен 244 шаршы метр аумақты қамтыған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Бөлісу: